389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда академиялық ескек есуден үздіктер анықталды

  • 205
  • UPD: 12:57, 06.08.2019

Еліміздің ең үздік ескек есушілері бұл жолы Теміртауға жиналды. Осымен 5-рет ұйымдастырылып тұрған спартакиадаға 140-тан аса спортшы қатысты.

Олар ескек есудің академиялық түрі бойынша сынға түсіп, жекелей және жұптық бәсекелерде өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жалпы есепте жергілікті құрамаға тең келер ешкім болмады. Осылайша Қарағанды облысының спортшылары топ бастаса, екінші орынды Түркістаннан келген ескек есушілер иемденді. Ал үздік үштікті елордалық құрама түйіндеді. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары әлдеқайда жас. Соған қарамастан ересек әрі тәжірибелі ескек есушілерден қалыспай, бәсекенің көркін қыздырды. Сөйтіп, 4-олимпиадалық даярлау мектебінің шәкірттері 2 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдемен оралды. Спартакиада қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан мен Павлодар өңірінің құрамалары үздік бестік қатарына кірді.

Хабар 24 телеарнасы