385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даңқты қақпашы Құралбек Ордабаев 70 жаста

  • 118
Даңқты қақпашы Құралбек Ордабаев 70 жаста

Бүгін танымал спортшы, алматылық «Қайрат» футбол клубының даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаев 70 жасқа толып отыр.

Құралбек Ордабаевтың есімі футбол жанкүйерлерлеріне жақсы таныс. 1970-80 жылдары ол «Қайраттың» қақпасын қарсыластардың шабуылы мен ұшқыр доптарынан сән мәрте қорғады. Пенальти қайтарудың хас шебері КСРО футбол біріншілігінде «Қайрат» сапында алаңға 185 рет шыққан. Кейін өзі де клуб басшылығының тізгінін қолына алады. Ал 1996-2000 жылдары Қазақстан футбол қауымдастығының төрағасы болды. Қазір ардагер спортшы «Қайрат» командасындағы балалар және бұқаралық футболды дамыту орталығына жетекшілік етеді. Футболдан ешқашан алшақтаған жоқ. Жасы 70-ке келсе де ардагерлермен доп теуіп, қақпа күзетуден жалыққан емес. Өмірлік жетістіктерінің барлығын миллиондар көріп, тамсанатын әлемдік ойын футболмен байланыстырады.

Құралбек Ордабаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

– 70 жасқа келдік деп отырған жоқпыз. Ойымыз осы футболда. Футболды жақсы көремін.

Хабар 24 телеарнасы