386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін елордада хоккейден Президент кубогы басталады

  • 276
  • UPD: 11:35, 07.08.2019

Дәстүрлі дода биыл құрлықтық лигадағы ең мықты командаларды жинады.

Яғни «Автомобилист», «Ақ Барс», «Нефтехимик» және «Салават Юлаев» сияқты командалар қазір астанамызға келіп, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұған қоса еліміз атынан «Барыс» хоккей клубы сынға түседі.

Әлем чемпионатына дайындық

Бірер күннен кейін велотрек шеберлері үшін жылдың басты бәсекесі басталады. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатынан жерлестеріміз жүлдесіз қайтпауы керек. Яғни биылғы көрсеткіш өткен жылғыдан төмен болмауы тиіс деген мақсат тұр. Осыған байланысты қазір ұлттық құрама қызу дайындықты пысықтап жатыр. Бірер ай бұрын олар Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізген. Енді елордадағы велотректе шеберлікті шыңдауға кірісті. Олимпиадалық даярлау орталығының 11 шәкірті тректегі барлық бәсеке бойынша бақтарын сынайды.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты 14 тамыз бен 19 тамыз аралығында Германияда өтеді.

Иван Сиваш, ұлттық құраманың бапкері:

– Әлем чемпионатына еліміздегі ең үздік спортшылар аттанады. Олар тыңғылықты іріктеліп алынды және бірнеше айдан бері осы жарысқа дайындалып жатыр. Өткен жылы жерлестеріміз бір қоламен оралып еді. Енді биыл кемінде 2-3 жүлде болады деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы