386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Руни Ұлыбританияға оралады

  • 111
Руни Ұлыбританияға оралады news.sportbox.ru

«Манчестер Юнайтед», «Эвертон» және америкалық «Ди Си Юнайтед» клубтарының бұрынғы шабуылшысы енді қайтадан Англия біріншіліктерінде өнер көрсететін болды.

33 жастағы спортшы екінші дивизиондағы «Дерби Каунти» командасымен келісімшартқа қол қойды. Нәтижесінде Руни алдағы 1,5 жылды осы клуб сапында өткізуі керек. Уэйн 32-нөмірде алаңға шығады және бапкерлік қызметті қатар атқарып жүреді. Келісімшарт бойынша Уэйн Руни 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа клуб сапына қосылады.

Уэйн Руни, футболшы:

– Жаңа клубты жақсы көрсеткіштерге жеткізу үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан жанкүйерлерге күтуге тура келеді. Мен тәжірибелі футболшымын және бар біліктілігімді жаңа командада көрсете аламын деп ойлаймын. 

Хабар 24 телеарнасы