386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диего Форлан мансабын аяқтады

  • 213
Диего Форлан мансабын аяқтады football.ua

Уругвайлық футболшы Диего Форлан мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Мен футболшы ретіндегі жолымды аяқтаймын деп шештім. Әрине, бұл маған оңайға соққан жоқ. Өзім түлеп ұшқан «Пеньяроле» клубында мансабымды аяқтағым келген. Алайда бір мәмілеге келе алмадық», – деді 40 жастағы Форлан.

Айта кетейік, Диего Форлан мансабында 9 елдің клубтарында ойнаған. «Атлетико Мадрид», «Манчестер Юнайтед», «Интер» секілді белді ұжымдардың намысын қорғаған.

Сондай-ақ Уругвай ұлттық құрамасымен бірге 2011 жылы Копа Америкада топ жарған. 2010 жылғы ОАР-өткен әлем біріншілігінде жартылай финалған дейін барып, сол турнирдің үздік футболшысы атанған еді.

Хабар 24 телеарнасы