386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондық титулынан айырылған «Канело» келесі қарсыласын таңдады

  • 279
Чемпиондық титулынан айырылған «Канело» келесі қарсыласын таңдады vesti.kz

Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегі бойынша бір шешімге келген сияқты.

Рингке Альварес 14 қыркүйекте оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізеді деп күтілген еді. Алайда мексикалық GGG-мен қайта жұдырықтасудан бас тартты.

Альварес қыркүйектегі жекпе-жегіне жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 KO) жұдырықтасу бойынша келіссөздер бастаған, дегенмен тараптар келісе алмады. Осылайша, ресейлік 24 тамызда міндетті қарсылас Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) жұдырықтасады, ал мексикалық рингке оралуын жыл соңына шегеріп тастады. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы