386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңілмеген қазақстандық боксшы Ковалевтің андеркардында жұдырықтасады

  • 140
  • UPD: 12:17, 08.08.2019
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Ковалевтің андеркардында жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 24 тамызда ресейлік Челябинскіде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Отандасымыз рингке Сергей Ковалев – Энтони Ярд жекпе-жегінің андеркардында шығады. Қарсыласы ресейлік Артур Осипов (15-1, 10КО) болмақ. Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

Естеріңізге салсақ, жақында Мейірім Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақ бойынша рейтингінде ТОП-10 қатарына енген болатын. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан соңғы жекпе-жегін 24 наурызда Лос-Анджелесте өткізіп, пуэрторикалық Луис Эрнандесті төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы