386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам рингке қашан шығатыны белгілі болды

  • 167

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) QP TV-ге берген сұхбатында келесі кездесуі жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Дайындықты бастап кеттік. Келесі жекпе-жек қазанның 26-сына жоспарланып отыр. Жауапкершілік үлкен. Америкадан бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес мырза келіп отыр. Ол кәсіпқой бокста көзімді ашты, ұстаздан жолым болды деп ойлаймын. (...) Алда үлкен жоспарлар бар», - деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ ол Алматыны Орталық Азия ғана емес, бүкіл әлемде боксшылар шоғырланған жерге айналдырғысы келетінін айтты. 

Хабар 24 телеарнасы