386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шайбалы хоккей: «Барыс» екінші ойында да жеңіске жетті

  • 152
Шайбалы хоккей: «Барыс» екінші ойында да жеңіске жетті

Бүгін елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының екінші ойын күні мәресіне жетті.

Елордалық «Барыс» Ресейдің «Нефтехимик» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл кездесуде ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның небәрі 23-секундында Зак Митчел өз командасын алға шығарды. Ал 9-минутта «Нефтехимик» сапынан Павел Порядин есепті еселей түсті. Содан кейін ғана «Барыс» жігіттері ес жиды. Нәтижесінде 13-минутта елордалық хоккейші Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңнің 24-минутына «Нефтехимик» хоккейшісі Александр Авцин мергендік танытты. Осылайша ресейліктер кездесу барысында 3:1 есебімен алға шықты.

«Барыс» хоккейшілері бұдан кейін қатарынан үш шайба соқты. Алдымен 35-минутта Ярослав Евдокимов, одан кейін Дастин Бойд 38-минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезеңнің 47-минутында Дастин Бойд бүгінгі кездесуде алғаш рет өз командасын алға шығарды. Ал кездесудің аяқталуына небәрі 14 секунд қалғанда «Барыс» сапынан Никита Клещенко бос қақпаға шайба соғып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше «Барыс» Ресейдің «Ак барс» командасын 6:1 есебімен жеңген болатын. Ертең «Ак Барс» және «Нефтехимик», «Салават Юлаев» пен «Автомоибилист» командалары кездеседі.

Ал «Барыс» 10 тамызда «Автомобилист» командасымен мұз айдынына шығады.

Хабар 24 телеарнасы