386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада шахматтан турнир өтіп жатыр

  • 148
  • UPD: 10:50, 09.08.2019

Қызылордада шахматтан республикалық турнир өтуде. Деңгейі жоғары жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен 12 спортшы қатысты.

Бұл шараның ерекшелігі – жастармен бірге тәжірибелі шахматшылар да бақтарын сынауда. Мықтылар қатарында жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпазы Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, 16 жастағы шымкенттік Әбілмансұр Әбділхайыр және турнирдің ең үлкен қатысушысы - сеньорлар арасындағы Азия чемпионы, Тараздан келген 63 жастағы ардагер Айқазы Баймурзин бар.

Айта кетейік, Сыр өңірінде соңғы рет ересектер арасындағы шахмат турнирі жарты ғасыр бұрын өткен екен.

Тимур Қасымов, жарыстың бас төрешісі:

- Турнирдің орташа рейтингі 2025 бірлік. Бұл қалыпты республикалық турнирдің көрсеткіші. Классика турнирінен кейін блиц турнирі болады. Оған 30 адам қатысады. Сол кезде қызылордалық барлық шахматшылар шығады. Олар да өз мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндік алады. Мұндай жарыс аймақта шахматты насихаттау және дамыту үшін үлкен маңызға ие. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 11 тамызда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы