386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өтетін бокс кешіне қазақстандық екі спортшы қатыспайтын болды

  • 169
  • UPD: 11:57, 09.08.2019
Ресейде өтетін бокс кешіне қазақстандық екі спортшы қатыспайтын болды

Ресейдің Челябі қаласында өтетін Сергей Ковалев (33-3-1, 28КО) - Энтони Ярд (18-0, 17КО) бокс кешінің аясында жұдырықтасуы тиіс болған екі қазақстандық спортшы рингке шықпайтыны хабарланды.

Алдағы 24 тамыз күні Челябі қаласында бокс кеші өтіп, оның басты айқасында ресейлік Сергей Ковалев пен британдық Энтони Ярд кездеседі. Кеш андеркартында қазақстандық екі боксшы: аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (10-0, 6КО) мен екінші жартылай жеңіл салмақтағы Станислав Калицкий (8-0, 3КО) жекпе-жек өткізуі тиіс еді.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасының мәліметінше, Ж.Кособуцкийдің кездесуі өтпейтіндігі таяуда белгілі болған: «Тамыз айындағы Челябинск болмайды. Менімен жұдырықтасудан бас тартты. Сондықтан рингке қыркүйектің ортасында Брестте шығуды жоспарлап отырмын. Бірақ нақты датасы әлі белгісіз», - деді боксшының өзі. 

Сондай-ақ Станислава Калицкийдің рингке шығатын уақыты аяқасты өзгеріп кеткен. Бұған дейін BoxRec.com белді порталы оның келесі жекпе-жегі 24 тамыз күні Челябіде Ковалев-Ярд бокс кешінің аясында өтетінін хабарлаған болатын. Енді қазақстандықтың рингке шығатын уақыты мен жері «7 қыркүйек, Екатеринбург» деп жазылған. Оның қарсыласы өзгерген жоқ. Ол ресейлік Владислав Красношеин (7-0-1, 2КО). Айқас уақытының өзгеруі немен байланысты екені белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы