385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азардың «Реалда» қандай нөмірмен шығатыны белгілі болды

  • 173
  • UPD: 23:27, 09.08.2019
Азардың «Реалда» қандай нөмірмен шығатыны белгілі болды

Жақында ғана «Челси» футбол клубынан «Реалға» ауысқан Эден Азардың әр қадамын жанкүйер қауым назарында ұстап отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Корольдік клуб» бүгін бельгиялықтың қандай нөмірмен өнер көрсететін ресми жариялады. 

Команданың жаңа көшбасшысы алдағы уақытта әйгілі 7-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Клуб бұл ақпаратты бүгін ғана жариялағанымен, көп санды мамандар Азардың жаңа командасында дәл осы номерді таңдайтынына сенімді болған. Тіпті ойыншы командаға ауысып келе сала, клубтың кейбір ресми дүкендері Азардың 7-нөмірлі жейделерін сата бастаған.

Бәріміз білетіндей, бұл нөмірді өткен маусымда шабуылшы Мариано Диас таққан. Ол енді 24-нөмірді киетін болады.

Айта кетейік, Transfermarkt мәліметі бойынша, мадридтік клуб 28 жастағы ойыншы үшін «Челсиге» 100 млн еуро төлеген көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы