386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасында Алматы облысы топ жарды

  • 160
Ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасында Алматы облысы топ жарды

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстанның жазғы Спартакиадасы аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы үш салмақ дәрежесінде жүлде ойнатылды. 102 келіге дейінгі салмақта Илья Ильин топ жарды. Екінші орында Андас Тұмарбаев, үшінші орында Ринат Қалиекберов.  109 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Зайчкиов жеңіске жетті. Күміс және қола жүлдені Әлихан Шайхидинов пен Александр Мельников иеленген.  109 келіден жоғары салмақ дәрежесінже Селімхан Әубәкіров чемпион атанды. Ибрагим Берсанов пен Дмитрий Каплин күміс пен қолана өзара бөліскен.  Жалпыкомандалық есепте 10 алтын, үш күміс және төрт қола медаль еншілеген Алматы облысы топ жарды. Екінші және үшінші орынды ШҚО мен Қызылорда облысының спортшылары иеленді. 

Хабар 24 телеарнасы