384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең бай спортшы әйелдердің тізімі жарияланды

  • 313
  • UPD: 23:10, 10.08.2019
Ең бай спортшы әйелдердің тізімі жарияланды

Forbes журналы 2019 жылы ең жоғары еңбекақы алатын спортшы әйелдер рейтингін жариялады. 

Рейтингте 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейінгі жалпы табыс көлемі есептелді. Осылайша, тізімде бірінші Серена Уильямс - 29,2 миллион доллар, оның 4,2 миллионы сыйақы, ал 25 миллионы демеушілік келісімшарттар мен басқа да табысы. 

Алғашқы ондық толықтай теннисшілер. Өзге спорт өкілдерінен ең жоғары орында америкалық футболшы Алекс Морган, ол 5.8 миллион табысымен он екінші болып тұр.

Forbes рейтингінің ТОП-10 тізімі мынадай:
1. Серена Уильямс (АҚШ) - 29,2 миллион доллар (сыйақы - 4,2, келісім-шарттар - 25)
2. Наоми Осака (Жапония) - 24,3 (8,3+16)
3. Анжелик Кербер (Германия) - 11,8 (5,3+6,5)
4. Симона Халеп (Румыния) - 10,2 (6,2+4)
5. Слоун Стивенс (АҚШ) - 9,6 (4,1+5,5)
6. Каролин Возняцки (Дания) - 7,5 (3,5+4)
7. Мария Шарапова (Ресей) - 7 (1+6)
8. Каролина Плишкова (Чехия) - 6,3 (4,6+1,7)
9. Элина Свитолина (Украина) - 6,1 (4,6+1,5)
10. Винус Уильямс (АҚШ) - 5,9 (0,9+ 5)
11. Гарбинье Мугуруса (Испания) - 5,9 (2,4+3,5).

Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы