384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайсар» футболшылары сырт алаңда маңызды үш ұпай иемденді

  • 242
«Қайсар» футболшылары сырт алаңда маңызды үш ұпай иемденді

Қазақстан премьер-лигасының 22-турында Атырауға қонаққа барған Қызылорданың «Қайсары» екі гол айырмасымен жеңіске жетті.

«Қасқырлар» алғашқы таймнан-ақ ойын тізгінін қолдарына алған. Клубтың үздік шабуылшысы Барсегян 31-минутта есеп ашты. Араға алты минут салып Антипов есепті теңестірді. Ал тайм соңында Мбомбо қызылордалықтардың екінші голын соғып кетті.

Екінші таймда «Атырау» аса бір басымдық көрсете алмады. Қайта «Қайсар» жүйелі шабуылдарға иек артып, армениялық шабуылшы дубль жасады. Есеп 1:3.

Қонақтар үш ұпайдың арқасында 37 ұпаймен 5-орынын сақтап, шымкенттік «Ордабасыға» бір қадам жақындады.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы