386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты перулік футболшы 40 жаста да қақпаны дәл көздеп жүр

  • 138
  • UPD: 12:27, 11.08.2019
Атақты перулік футболшы 40 жаста да қақпаны дәл көздеп жүр

Германия кубогының бірінші кезеңінде «Вердер» «Атлас Дельменхорстты» қабылдады.

Матч 6:1 есебімен аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Матч қаһармандарының бірі, 40 жасар перулік Клаудио Писарро екі гол соқты. Сөйтіп, Германия кубогында дубль жасаған ең жасы үлкен футболшы атанып отыр.

Сондай-ақ Писарро Бундеслигадағы ең жасы үлкен гол авторы ретінде тіркелген.

Атақты Перу ойыншысы «Вердерден» бөлек, «Бавария», «Челси» сияқты ТОР клубтарда жасындай жарқылдады. Клубтық деңгейде 768 матч өткізіп, 314 гол соқты және 18 жүлдеге ие болған.

Хабар 24 телеарнасы