386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алғаш рет стритболдан ресми жарыс өтті

  • 106
  • UPD: 11:31, 12.08.2019

Қаладағы бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы көше баскетболын ойнайтын қыз-жігіттердің басын бір жерге қосып, арнайы турнир ұйымдастырды.

Оған 70-ке жуық команда қатысуға ниет танытқан. Осылайша 250-ден аса спритбол шебері 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Бәсекелер жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бөлек өтті. Айта кетейік, көше басткеболы өткен ғасырдың ортасында АҚШ-тың кедей аудандарында пайда болған еді. Қазір оның дамығаны соншалық алдағы Олимпиада бағдарламасына қосылып жатыр.

Ержігіт Өсербай, қалалық бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы бөлімінің басшысы:

- Биылғы 2019 жылы жастар жылына байланысты өткізіліп жатқан спорттық шара. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр деуге болады. Өйткені, қатысушы командалар саны 70-ке жуық. 14 жастан 35 жасқа дейін қатыса береді. 8 жас деңгейцінде қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынауға болады.

Аладоп аламанының жанкүйерлері асыға күтіп жүрген ағылшын чемпионаты басталды және бірніші тур ойындары арасында Манчестер Юнайтед пен Челси арасындағы кездесуді ерекше атап өтуге болады. Мачестер қаласында өткен матч алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Әсіресе Маркус Рэшфорд қос голдың авторыв атанды. Одан кейін Антони Марсьяль мен Даниэл Джеймс та мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп 4:0. Қазір Манчестер Юнайтед турнир тізімінің 2-сатысында тұр. Топ басында Манчестер Сити. Соңғысы сырт алаңда 0:5 есебмен жеңіске жетті.

Ал Монреаль қаласында теннистен әлем үздіктерінің турнирі аяқталды. Канада ашық чемпионатының бас жүлдесін ресейлік Даниил Медведев пен испаниялық Рафаэль Надаль сарапқа салған. Кездесу 71 минутқа ғана созылып, соңғысы айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:0. Рафаэль Надаль үшін бұл Мастерс сериясы турнирлеріндегі 35-жеңіс. Ал Медведев әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартып, үздік сегіздік қатарына ілікті. Бұл оған Ресейдегі номер бірінші теннисші болуға мүмкіндік береді.

Рафаэль Надаль, жарыс жеңімпазы:

- Жарыс аптаға жуық уақыт өтті және осы аралықта небір тарысты бәсекелердің куәгері болдық. Маған жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жуырда ғана демалыстан оралғам. Сондықтан, бабыма келуге біраз уақыт кетті. Қалай болғанда да Монреаль қаласында жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы