387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокс: жұрт асыға күтетін ТОП-6 реванш тізімі жарияланды

  • 428
  • UPD: 09:41, 13.08.2019
Бокс: жұрт асыға күтетін ТОП-6 реванш тізімі жарияланды

Бокс жайында жазатын танымал All of the Belts Twitter парақшасы жұрт асыға күтетін алдағы жекпе-жектердің үздік бестігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімге реванштармен қатар трилогиялар да кірді. Олардың қатарында, әрине, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі бар. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді, алайда келесі жылдың мамыр айында өтуі мүмкін.

Асыға күтілетін жекпе-жектердің алғашқы бестігі мынадай:

Флойд Мэйвезер – Мэнни Пакьяо II

Сауль Альварес – Флойд Мэйвезер II

Энтони Джошуа – Диллиан Уайт II

Билли Джо Сондерс – Крис Юбэнк II

Лео Санта Крус – Карл Фрэмптон III.

Головкин мен «Канелоның» алдағы үшінші жекпе-жегіне букмекерлік кеңсенің берген бағалары мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең түсуі – 25.

Еске салайық, боксшылардың алғашқы айқасы тараптардың тең түсуімен аяқталған еді, ал екінші кездесуде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңімпаз атанды.

Хабар 24 телеарнасы