386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Кукушкин испаниялық Рафаэль Надальдің орнына кордқа шығады

  • 130
  • UPD: 12:08, 13.08.2019
Михаил Кукушкин испаниялық Рафаэль Надальдің орнына кордқа шығады prosports.kz

Палодар қаласында шаңғы жарысынан жазғы чемпионат басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса қатысушы жиналды.

Қазақстандық Михаил Кукушкин испаниялық Рафаэль Надальдің орнына кордқа шығады. АҚШ-та өтетін теннис турнирінің бағдарламасында осындай өзгеріс орын алды. Жерлесіміз осының алдында іріктеу кезеңінен сүрініп, негізгі жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылған. Бірақ испаниялық теннисшінің шешімінен кейін Кукушкин бағын сынайтын болды.

Айта кетейік, Рафаэль Надаль күні кеше Канада ашық чемпионатында топ жарды және сәл тынығатынын мәлімдеді. Ал британиялық Энди Маррей, керісінше, жақында ғана үлкен спортқа қайта оралып, Цинцинатти турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді. «Үлкен дулыға» бәскекелерінің 3 дүркін жеңімпазы франциялық Ришару Гаскеге жол берді. Қорытынды есеп: 4:6, 4:6.

Энди Мюррей, теннисші:

Теннис әлемінде толқын ауысатын уақыт жақындап келеді. Әсіресе, 22 жасқа дейінгілер арасында қабілетті жігіттер өте көп. Менің ойымша, олар алдағы 2-3 жыл көлемінде талай жарыста топ жарып, әлемдік рейтингтің алдыңғы сатыларына жайғасады.

 

Теннистен командалық Азия біріншілігі жерлестеріміз үшін сәтті басталды

12 жасқа дейінгілер арасындағы жарыстың алғашқы күні қазақстандық ұлдар құрамасы Үндістан теннисшілерімен кездескен. Алаң иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді олар өз тобындағы қалған 3 командамен жолығып, бас жүлдеге таласатын құраманы анықтайды. Оған паралель қыздар арасында да іріктеулер болып жатыр. Жалпы елордадағы жарысқа 14 елден 22 команда келді.

Айта кету керек, бұған дейін 12 жасқа дейінгілер арасындағы құрлықтық және әлемдік бәсекелер өткізілмеді. Осындай форматтағы жарыстың пайда болуына Қазақстан теннис федерациясының бастамасы түрткі түрткі болды.

 

Панамерикалық ойындардағы кикілжің

Биылғы панамерика ойындары қарсылық акцияларын өткізетін алаңға айналды. Әсіресе, америкалық семсерлесуші Рейс Имбоден марапаттау рәсімінде тізесін бүгіп, өз еліндегі әлемуметтік мәселелердің шешіміне көңілі толмайтынын жеткізген. Енді бұл жолы Доминикан елінен келген волейболшылары осы әрекетті қайталады. Олар панамерика ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған еді. Марапттау рәсімінде өз қарсылықтарын танытты. Бірақ команда қатарында оларды құптамағандар да табылды. Мәселен, Маника Эбботт спорттық сайыстар саяси акциялар өткізетін жерге айналмау керек деді.

Хабар 24 телеарнасы