386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионаты: қазақстандық еркін күрес шеберлері жүлдегер атанды

  • 351
  • UPD: 11:41, 14.08.2019
Әлем чемпионаты: қазақстандық еркін күрес шеберлері жүлдегер атанды

Қазақстандық еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Дәл қазір Эстония астанасында 21 жасқа дейінгілер арасындағы дүниежүзілік дода өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері жеңіл және орта салмақтағы мықтылар анықталған болатын. Нәтижесінде 57 келідегі жерлесіміз Адлан Асқаров қола жүлдегер атанды. Дәл осындай медальді Сырбаз Талғат та иемденді. Ол 67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған болатын. Ұлттық құраманың басқа мүшелері іріктеу сындарынан әрі аса алмады. Енді бүгін бозкілемге әйелдер күресі мен грек-рим күресінің өкілдері шығады. Таллиндегі бәсеке 18 тамызға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы