386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы WBA, WBO және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

  • 143
  • UPD: 17:08, 14.08.2019
Қазақстандық боксшы WBA, WBO және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жеңіске жетті tengrinews.kz

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) австралиялық Стив Гагоны (11-0, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін біріктірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 14 тамыз Австралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтті.

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бес нокаут). Айта кетейік, Жаңабаев Австралияда алғаш рет жұдырықтасып тұр – бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген. 

Жаңабаевтан кейін рингке тағы бір қазақстандық боксшы – Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) шығады. Оның қарсыласы австралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеу тігіледі.

Хабар 24 телеарнасы