386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Оқжетпес» командасының 19 жастағы футболшысы қайтыс болды

  • 119
  • UPD: 17:33, 14.08.2019
«Оқжетпес» командасының 19 жастағы футболшысы қайтыс болды okzhetpes.kz

«Оқжетпес» жастар командасының ойыншысы, Көкшетау футболының 19 жастағы түлегі Роман Зюзин қайтыс болды, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

«Жақындарыңды жоғалту қашан да қиын. Ең өкініштісі, арамыздан болашағынан зор үміт күттірер өрімдей жастар кетіп жатыр. «Оқжетпес» футбол клубы Роман Зюзиннің қазасына орай ет жақын туыстарына  қайғыра көңіл айтады», – делінген ресми хабарламада.

Шабуылшының нақты неден көз жұмғаны туралы әзірге мәлімет жоқ. Зюзин осы маусымда Қазақстанның екінші лигасында «Оқжетпес» командасы сапында 14 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Хабар 24 телеарнасы