386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду Месси екеуінің футболшы ретіндегі айырмашылықтарын айтып берді

  • 291
  • UPD: 23:43, 14.08.2019
Роналду Месси екеуінің футболшы ретіндегі айырмашылықтарын айтып берді prosports.kz

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселона» футболшысы Лионель Месси екеуінің ойыншы ретіндегі түбегейлі айырмашылығы қандай екенін түсіндірді, деп жазады Prosports.kz.

«Менің Мессиден айырмам, бірнеше клуб сапында әр елдің чемпионы атандым. Тіпті бұл әлемде Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы атанған футболшылар саусақпен санарлық. Сол үшін басқаларды өзіммен осы турнирлер арқылы салыстырамын», дейді португалиялық DAZN стримингтік ұйымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Роналду Чемпинондар лигасында қатарынан алты мәрте үздік сұрмерген болғанын еске алды.

Криштиану Роналду «Реал» сапында Чемпиондар лигасын төрт рет ұтса, «Манчестер Юнайтед» командасында бір рет жеңіске жеткен. Салыстыру үшін айта кетейік, Месси 2003 жылдан бері «Барселонада» ойнап, аталмыш турнирдің төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Хабар 24 телеарнасы