385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық «Ник Вуйчич» «Ливерпуль» ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады

  • 374
  • UPD: 10:06, 15.08.2019
Қазақстандық «Ник Вуйчич» «Ливерпуль» ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады inform.kz

Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әли жеңімпаздарға кубокты табыстау рәсімін УЕФА президенті Александер Чеферинмен бірге өткізді. Финалда «Ливерпуль» өзінің «челсилік» отандастарын пенальти қорытындысы бойынша жеңген болатын. Екі аяқсыз дүниеге келген Әли Тұрғанбеков «Челси» және «Ливерпуль» футбол командаларының жұлдыздарымен кездесетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы