386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдос Ербосынұлы барлық 18 жекпе-жегінде жеңілмеген боксшыны тізе бүктірді

  • 239
  • UPD: 10:40, 15.08.2019

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі кезекті кездесуін жеңіспен аяқтап, чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.

Бокс кеші Австралия астанасында өткен болатын. Жерлесіміз жергілікті Рокки Джеркичпен жолықты. Соңғысы осыған дейін 18 жекпе-жекке қатысып, 18-інде де жеңіске жеткен. Соған қарамастан Айдос айқын басымдық танытты. 10 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Осылайша ол WBO Global, WBA Inter-National және WBC Asia чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.

Айдос Ербосынұлы, кәсіпқой боксшы:

- Рингте асықпайтын, ойланып жұмыс жасайтын боксшы екен. Шахмат партиясы сияқты болды. Дайындығымның арақсында жеңіске жеттім. Енді алдағы уақытта үлкен жеңістермен елімді қуанта беремін.

Дәл осы бокс кеші аясында тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері өнер көрсетті. Бүгінге дейін бірде бір жеңіліс көрмеген Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті Стив Гагомен жолыққан. Бұл жекпе-жек те 10 рауындқа созылып, жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Нұрсұлтан WBA InterContinental белдігін қорғап шықты. Бұған қоса тағы қос тұжырым бойынша чемпиондық белдіктерді иемденді. Айта кетейік, қос боксшы да қазақстандық «Сүлеймен промоушн» қанатының астына өнер көрсетеді.

Нұрсұлтан Жаңабаев, кәсіпқой боксшы:

- Австралия елінде қазақ боксын көрсеттік. Одан әрі еңбек етеміз. Әлі де шынағар тұстар көп.

Хабар 24 телеарнасы