386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тоғызқұмалақтан сайыс өтті

  • 51
  • UPD: 10:41, 15.08.2019

Елордада тоғызқұмалақ шеберлерінің бәскекесі болды. Қаладағы бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы жылдағы  дәстүр бойынша ең үздік спортшылардың басын қосып, арнайы турнир ұйымдастырды.

Бас-аяғы 50-ге жуық қатысушы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыстар ұлттық ойынымыздың рапид және блитц түрлері бойынша өтті. Нәтижесінде топ жарғандар республикалық бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды.  Биылғы Қазақстан чемпионаты Ақтау қаласында өтеді. Айта кетейік, тоғызқұмалақ кейінгі кезде өте қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрімен елімізде 200 мың адам тұрақты айналысады. 

Нұржан Қонарбаев, жарыстың бас төрешісі:

- Қазір әлемдік деңгейде жақсы дамып жатыр. Биыл Түркияда әлем чемпионаты өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласының 2 спортшысы жүлдегер болды. Ай сайын өзіміз жарыс өткізіп тұрамыз. Жас балаларды дамыту үшін.

Хабар 24 телеарнасы