386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Алтын сақа» ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

  • 77
  • UPD: 11:59, 15.08.2019
Талдықорғанда «Алтын сақа» ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

Жарыс Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты атадан балаға мирас болып қалған ұлттық спортты кеңінен насихаттау болып отыр. Сондықтан бұл сынға өз аудан, қалаларында топ жарған жастар қатысты. Қыздар жағы бестас ойнап сынға түссе, ерлер ләңгі тебуде ептіліктерін байқатты. Қолмергендермен көзмергендер асық атудан өзара үздіктерін анықтады.  Бар өнерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысқан спортшылар жарыс көрігін қыздырды. Жыл сайын өтетін  спартакиаданың жеңімпаздары республикалық бәсекеге жолдама алады. 

Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Жарыста жеңіске жеткен спортшыларымыз, командамыз қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ұлттық спорт түрлерінен үлкен фестиваль болады. Сол жарысқа отбор ретінде бұл жарыс ұйымдастырылып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы