386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің абсолют чемпионы және Головкин бапкерлерімен алмасты

  • 123
  • UPD: 17:13, 15.08.2019
Әлемнің абсолют чемпионы және Головкин бапкерлерімен алмасты vesti.kz

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы (WBC, WBA (Super), IBF және IBO) норвегиялық Сесилия Брекхус (35-0, 9 KO) белгілі америкалық бапкер Абель Санчеспен жаттыға бастайтынын хабарлады.

– Абельді бірнеше жыл білемін және әлемнің үздік боксшыларын жаттықтыру арқылы жеткен үлкен табыстары туралы естігенмін. Мені жаттықтыру туралы сұрағанымда, оның қызығушылығы оянды. Біз бірнеше күн жаттығуды бірге өткіздік, осы кезде көп нәрсе түйгендей болдым. Big Bear лагеріне келісімен, өзімді жайлы сезіндім, бұл жер жаттығуға тамаша, - деп келтіреді боксшының сөзін BoxingScene.

Бұған дейін норвегиялық чемпион өзге америкалық бапкер Джонатан Бэнкспен жаттықан. Бір қызығы, мамырда Санчесте жаттыққан қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) керісінше, Санчестен кетіп, Бэнкске барған болатын. 

Айта кетейік, Бэнкс пен Санчестің де жаттығу лагерлері Калифорния штатындағы Big Bear мекенінде орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы