386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық велошабандоз австралиялық Mitchelton-Scott командасымен келісімшартқа отырды

  • 98
  • UPD: 17:41, 15.08.2019
Павлодарлық велошабандоз австралиялық Mitchelton-Scott командасымен келісімшартқа отырды pavlodarnews.kz

Велоспортшы Андрей Зейц екі жылдық  келісімшартқа сәйкес австралиялық команда сапында өнер көрсететін болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Команданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы велошабандоз Mitchelton-Scott сапына 2020 жылы қосылады. Қазіргі уақытта команда көшбасшылары – Саймон мен Адам Йейтстер және Эстебан Чавес. Андрей Зейц «Астана» командасының құрамында 12 жыл өнер көрсетті. Кәсіби велоспорттағы мансабын 2008 жылы бастаған болатын.

«Кәсіби велошабандоз атанған 12 жыл ішінде Астана командасында Гранд-турлардың Контадор, Нибали, Ару, Ланду және Лопес сияқты мықты спортшыларымен бірге жұмыс істедім. Мен Гранд-турларға маманданғанмын. Ондай 18 жарысқа қатысып, барлығында мәреге жеттім. Соңғы уақыттарда жарақатымнан айықтым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Клубтың бір бөлігі болатындығыма, команданың жетістігі үшін тәжірибеммен бөлісетіндігіме қуаныштымын», – деді Андрей Зейц.

Сонымен қатар, Mitchelton-Scott командасының спорттық директоры Мэтт Уайт өз сөзінде қазақстандық велошабандоздың көп күндік жарыстар бойынша тәжірибесі мол екендігі және команданы әлемдік турларда алға сүйрейтіндігін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы