386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


V халықаралық Aрмия ойындары өз мәресіне жетті

  • 106
  • UPD: 22:45, 15.08.2019
V халықаралық Aрмия ойындары өз мәресіне жетті

Бесінші халықаралық армия ойындары өз мәресіне жетті.

13 елдің сарбаздары бір апта бойы Отардағы 40-әскери базада өз шеберліктерін паш етті. Жеңімпаздар «Сұңқар салу», «Артилериядан оқ ату» және «Сенімді қабылдау» сайыстары бойынша анықталған болатын. Жекелей және командалық сында біздің жауынгерлер алдына жан салмады. Сержант Ербол Алдабергенов пен кіші сержант Дидар Сейсебаев және ефрейтор Ғайбутдин Әбдірахмановтар әртүрлі номинация бойынша үздік атанды.

Ринат Жанатұлы, Қазақстан құрамасының топ жетекшісі:

– Қазақстан командасы үш кезеңде де алғашқы орындарды иемденіп, соңғы шешуші кезеңде де бас жүлдені жеңіп алып отыр. Биыл қатысқан командалардың дайындығы өте жоғары. Ресей федерациясы, Беларусь мемлекеті өте жақсы дайындалып келген. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Күш жігердің арқасында, топтың шеберлігінің арқасында осындай нәтиже көрсетіп отырмыз

Рунгано Фак, Зимбабве құрамасының жетекшісі:

– Жарыс деңгейінің жоғарылап келе жатқанын байқап отырмыз. Барлық командаларға бірдей жағдай жасалынды. Төрешілер де әділдік танытты. Бұл сайыста тек мықтылар ғана топ жарды. Армия ойындарын өте жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы