386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады

  • 252
УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады

УЕФА баспасөз қызметі өткен маусымдағы Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар: «Барселона» шабуылшысы – Лионель Месси. Өткен маусымда оныншы рет Испания чемпионатын жеңіп алды, Чемпиондар лигасында 12 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

«Ювентустың» шабуылшысы – Криштиану Роналду. Ол Португалия құрамасымен Ұлттар лигасында топ жарды. Италия чемпионы атанды.

«Ливерпуль» қорғаушысы – Верджил ван Дейк. Голландиялық қорғаушы «Ливерпуль» клубының құрамында Чемпиондар лигасы кубогын жеңіп алды.

Жеңімпаздың есімі 29 тамыз күні белгілі болады. 

Хабар 24 телеарнасы