386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасына қатысады

  • 86
  • UPD: 09:42, 16.08.2019
Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасына қатысады

Олимпиадаға жолдама алғандар арасында Ольга Рыпакова да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жуырда жазғы ойындарға қажетті нормативті орындап, лицензияны қолына алды. Жерлесіміз үш қарғып секіру бойынша 14 метр 37 сантиметрді бағындырды. Яғни, тиісті талаптан 17 сантиметр асып түсіп отыр. Ольга Рыпакова соңғы 3 Олимпиадада алтын, күміс және қолда жүделер еншіледі. Қазір жасы 34-те. Соған қарамастан тағы бір медаль еншілеуге мүмкіндік бар дейді. Ол қазір алдағы ойындарға кешенді дайындықты бастап кетті.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

Кәсіпқой спорттан кете салу оңай емес. Сондықтан Олимпиада ойындарында тағы да бағымды сынауды жөн көрдім. Жарақатым бар еді. Біртіндеп жазылып, қазір бабыма келдім. Жазғы ойындарға дейін әлем чемпионаты мен «Гауһар лигасы» сайысына қатысамын.

Хабар 24 телеарнасы