385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының үш спортшысы садақ атудан Токио Олимпиадасына қатысады

  • 96
  • UPD: 13:25, 16.08.2019
Алматы облысының үш спортшысы садақ атудан Токио Олимпиадасына қатысады

Санжар Мұсаев, Денис Ганкин, Ильфат Абдулиндер 70 метр қашықтықта нысана көздеуден жарысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жекелей және командалық сында өнер көрсетеді. Осыған дейін әлемдік және құрлықтық бәсекелерде топ жарған саңлақтар қазір Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Кешенді бәсеке алдында Таиланда өтетін Азия чемпионатында бақтарын сынайды. Алматы облысы бойынша әзірге осы садақшылар ғана төртжылдықтың басты жарысына жолдама алды. Қалған спорт түрлері бойынша лицензиялық жарыстар енді басталады. Құралайды көзге атқан мергендер төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғауға ниетті.

Санжар Мұсаев, садақ атудан әлем чемпионы:

- Лицензияның алдында Әлем кубогі өтті. Онда бірінші орын алдық. Әлем чемпионаты болды, екінші орын алдық. Азия кубогінде жүлдегер алып жүрміз. Қазақстан ішінде де нәтижеміз жаман емес. Соның бәріне анализ жасап, жоспар құрып, келесі жылы тек қана бірінші орынға үміттеміз.  Соған дайындық қызу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы