387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» швейцариялық хоккей клубын ірі есеппен жеңді

  • 148
  • UPD: 09:48, 17.08.2019
«Барыс» швейцариялық хоккей клубын ірі есеппен жеңді Prosports.kz

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Швейцарияда «Амбри-Пиотта» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық клуб бірінші кезеңде екі шайба соқты. Аркадий Шестаков пен Кирилл Панюков көзге түсті. Екінші кезеңде финляндиялық легионер Ииро Пакаринен есепті еселей түссе, Шестаков екінші рет қақпаны дәл көздеді. «Барыс» ойыншысының алаңнан қуылғанын сәтті пайдаланған «Амбри-Пиотта» сапынан Брайан Флиннің бір шайба соққанын айта кету керек. Үшінші кезеңде есеп өзгеріссіз қалды.

Еске сала кетейік, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымында 3 қыркүйек күні өз алаңында «Адмиралмен» кездесу өткізеді. 

Хабар 24 телеарнасы