387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионатына 488 боксшы қатысады

  • 236
  • UPD: 11:11, 17.08.2019
Бокстан әлем чемпионатына 488 боксшы қатысады

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатындар саны рекордтық көрсеткіштерге жетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Ресей бокс федерациясының хабарлауынша, турнирге 91 елдің 488 боксшысы тіркелген. Бұл рекордтық көрсеткіш саналады. ХХ мерейтойлы әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласында орналасқан «Екатеринбург-ЭКСПО» аренасында өтпек. Турнир бірінші рет 8 олимпиадалық салмақта өткізілуі тиіс.  8 қыркүйек күні ресми жеребе тартылса, 20 қыркүйек жартылай финалдық бәсекелер, ал 21-2 қыркүйек – соңғы күні финалдық кездесулер өтеді.

Хабар 24 телеарнасы