386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коутиньо «Баварияға» ауысты

  • 143
  • UPD: 14:36, 17.08.2019
Коутиньо «Баварияға» ауысты Football.ua

Санаулы сағаттар бұрын «Бавария» Флмппе Коутиньоны «Барселонадан» жалға алғаны туралы хабарлады.

«ПСЖ-ға» ұсынып, Неймарға ауыстырып алсақ деген ойы жүзеге аспаған соң каталониялықтар қымбат футболшының неміс клубында өнер көрсетуін қалапты. Қымбат дейтініміз, былтыр қаңтар айында «Барселона» Коутиньоны 145 миллион еуроға сатып алған болатын. Енді Бразилия құрамасының футболшысы неміс бундеслигасында доп тебеді.

«Хасан Салихамиджич екеуміз Барселонаға барып, мәселені оң шештік деп хабарлайды, «Баварияның» атқарушы директоры

Карл-Хайнц Румменигге. Кейбір мәселелер әлі де қаралуда. Бірақ ол біздің команда сапында ойнайды дейді Салихамиджич. Келісім мерзімі – бір жыл. Егер осы уақытта Мюнхен командасы ойыншының трансферін толық сатып алғысы келсе келіссөз жүруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы