386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ хоккей лигасындағы тұңғыш қазақстандық атанды

  • 153
  • UPD: 22:14, 17.08.2019
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ хоккей лигасындағы тұңғыш қазақстандық атанды

Қазақстан хоккей құрамасының шабуылшысы Бұлбұл Қартаңбаева әйелдер Ұлттық хоккей лигасында (NWHL) өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нью-Джерси штатындағы Монмут Джанкшен қаласының «Метрополитен Риветерс» клубы 26 жастағы хоккейшіні қатарына қосып алғанын жариялады.

«Менің арманым орындалды. Алдымда ашылған мүмкіндіктерге қуаныштымын. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұлдыздармен бірге NWHL-да ойнау сәті келді», - дейді Бұлбұл NWHL ресми сайтына берген сұхбатында.

Қартаңбаеваның шеберлігіне «Риветерстің» бас менеджері де жоғары баға берді.

«Қартаңбаеваның шеберлігі, ойынға адалдығы оны жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына, командамыздың белді мүшесіне айналдырары сөзсіз», - деді Кейт Витман Эннис.

Өткен маусымда Бұлбұл Канаданың Оңтүстік Альберта лигасында ойнайтын «Калгари Койотс» клубында 21 матчта 29 (8+21) ұпай жинап көзге түсті. Оған дейін Қазақстанда «Барыс» құрылымындағы «Томирис», Алматының «Айсұлу» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасында 2011 жылдан бері жүр. 5 мәрте әлемдік додаға қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы