387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио Олимпиадасына қатысудан үмітті семейлік спортшылар дайындалып жатыр

  • 178
  • UPD: 10:09, 18.08.2019
Токио Олимпиадасына қатысудан үмітті семейлік спортшылар дайындалып жатыр

Келесі жылы Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысудан жеті бірдей семейлік спортшы үмітті.

Олар дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика және бокс сияқты спорт түрлерінің өкілдері. Кімдердің жолдама алатыны сәл кейін белгілі болады, әйтсе де ұлттық құрама сапында жасындай жарқырап жүрген жерлестеріміз іріктеу сындарынан іркілмей өтуі тиіс дейді жергілікті мамандар. Шынында да Расул Қалиев, Данияр Қайсанов және Азамат Дәулетбеков секілді спортшылардың  шоқтығы биік. Олар халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүр. Сондай-ақ белгілі дзюдошылар Ерасыл Қажыбаев пен Зере Бектасқызының да бабы жақсы. Жеңіл атлетикада Анастасия Дубовицкая бар. Былғары қолғап шебері Ерасыл Жақыпбековтің де мүмкіндігі мол.

Хабар 24 телеарнасы