386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада спорт күніне арналған спартакиада өтті

  • 163
  • UPD: 12:50, 18.08.2019
Елордада спорт күніне арналған спартакиада өтті

Бұл жолы жарыс алаңына кәнігі спортшылар емес, оларға қажетті жағдайды жасайтын сала мамандары шықты.

Яғни Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме өкілдері 6 спорт түрі бойынша сынға түсті. Оның ішінде шағын футбол, үстел теннисі және волейбол бар. Бұған қоса жарыс бағдарламасына асық ату мен арқан тарту сияқты ұлттық ойындар қосылған. Дәл сосындай фрматтағы спатртакиада енді жыл сайын дәстүрлі өтіп тұрады.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Біз әдетте спортшыларды және олардың жетістіктерін көріп үйрендік. Ал оның артында тұрған осындай мамандардың еңбегі елене бермейді. Сондықтан саланың дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіріп, жұмыстарына жеміс тілегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы