389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб жаттығуын Абу-Дабиде жалғастырады

  • 201
  • UPD: 16:16, 18.08.2019
Хабиб жаттығуын Абу-Дабиде жалғастырады kp.ru

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьемен жекпе-жек алдында жаттығуын жалғастыру үшін Абу-Дабиге аттанады, деп жазады Prosports.kz.

30 жасар спортшы қазіргі кезде АҚШ-тағы дайындық кезеңін аяқтауға жақын.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов 7 қыркүйек күні UFC 242 турнирінде чемпиондық атағын екінші рет қорғау үшін Дастин Порьемен айқасады.

Ресейлік спортшы 27 жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген. Порье 25 кездесуде жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.

Хабар 24 телеарнасы