386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


500-ге жуық елордалық велошеруге қатысты

  • 128
  • UPD: 18:19, 18.08.2019

Елордада бүгін велошеру өтті. 500-ге жуық қала тұрғыны қатысқан бұл шара да спорт күніне арналды.

Әуесқой спортшылар мұнда 14 шақырымды еңсеріп, өзара мықтыны анықтады.

Алаңға қарақұрлым адам жиналды. Арасында жастардың қарасы қалың. Олар қос дөңгелекті көлікті тақымдап, ұзақ қашықтықты көппен бірге еңсеруге ниетті. 

Мұндай сайыстардан жастардың шарболаттай шыңдалатыны рас. Дене шынығады, салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді. Қаттардың да қалыс қалмауы көпке үлгі болса керек.  

Жарысқа жұптасып келгендері де бар. Елдің атын әлемге танытып жүрген кәсіби спортшылар да шабандоздардың қатарына қосылды.

Велошеруге ұзын-ырғасы 500-ге жуық адам қатысты. Олар 14 шақырым жолды жүріп өтті. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік талаптарын толықтай ескерген.

Бауыржан Сахарбаев, Нұр-Сұлтан қаласы спорттық-бұқаралық шаралар өткізу жөніндегі дирекцияның жетекшісі:

– Қатысушыларға барлық қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылған. Оны біз ішкі істер департаментімен және денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп жасап жатырмыз. Барлық қала тұрғындары талаптарға сай осы күнді спортпен бастау мүмкіндігіне ие болды.

Жарысқа қатысқандар бағалы сыйлықтардан кенде қалмады. Ұйымдастырушылар билет ойнатып, жеңімпаздарға 10 бірдей велосипед табыстады.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы