386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға алғыс білдірді

  • 189
Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға алғыс білдірді Prosports.kz

 

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бүгінгі жеңісінен кейін, өзінің Инстаграмдағы парақшасында халыққа алғысын жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

«Бұл - менің емес, елдің жеңісі! Ер – елдікі! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына, Құдайға шүкір. Артыңда елің, қасыңда досың болмаса жалғыздың шаңы шықпайды. «Мен» деген сөз, «өзім» деген сөзден аулақпын. Осы жеңісте әрқайсыңыздың үлесіңіз бар. Сіздердің қолдауларыңыз демеу, тілеулеріңіз қуат, болысқандарыңыз - күш. «Жәнібек чемпион болады, осы бала бокс жұлдызы болады» деп сенім артып отырғандарыңызды жақсы түсінемін. Сіздердің бұл сенімдеріңіз - үлкен жауапкершілік. Біздің де мақсатымыз - әлемге қазақ стилін танымал ету,  4 салмақта әлем чемпионы болу. Осы белеске сіз болып, біз болып жетеміз, бұйырса. Осы жекпе-жекке дайындалуға көмегін берген барлық спарринг қарсылстарыма, бапкерім Баддиға, менеджерім Эгисқа, промоутерім Бобқа алғыс айтамын. Сондай-ақ жаттығу базасындағы шығындарымызды көтеріп, қолдау көрсеткен «Tas group» басшысы Дулат Тастекеевке де көп рақмет. Істері берекелі болсын. Рингте жалғыз жұдырықтасқаныммен, бокс - командалық спорт түрі. Сіздер де біздің командамызсыздар, құрметті жанкүйерлер! Біз әлі 30 күн ойын, 40 күн тойын жасайтын үлкен жеңістерді бірге тойлаймыз, бұйырса!», деп жазды Әлімханұлы.

 
Хабар 24 телеарнасы