385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалық қарсыласын жеңген Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті

  • 160
Канадалық қарсыласын жеңген Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды жеңіп (27-4-3, 11 КО), беделді Boxrec.com сайтындағы өзінің рейтингін жоғарылата түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, BoxRec рейтингінде 64-тен 63-орынға көтерілді. Осы жеңісінің арқасында Жәнібек өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды. Бұл атақтарға 26 жастағы қазақстандық сәуір айында төрешілердің бірауыздан қолдауымен мексикалық Кристиана Оливасты (16-5, 13 КО) жеңуінің арқасында қол жеткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы