387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда доп тебетін футболшы Қазақстан құрамасына шақыртылды

  • 163
  • UPD: 11:08, 19.08.2019
Испанияда доп тебетін футболшы Қазақстан құрамасына шақыртылды

Испанияның «Марсет» клубында доп тебетін Данил Анкудинов 17 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данил Анкудинов қазіргі таңда Барселона академияларының бірі «Марсетте» ойнайды. Ол енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетпек.

Айта кетейік, футболшы Қарағандыда дүниеге келген. Бірақ жас кезінде ол отбасымен Испанияның Тенерифе аралына көшіп кеткен. Бес жыл бойы шабуылшы жергілікті жастар чемпионатында өзін көрсете білді және Барселонаның ең үздік футбол мектептерінің бірінен ұсыныс алды.

Хабар 24 телеарнасы