386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

  • 136
  • UPD: 11:20, 19.08.2019
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады inbusiness.kz

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрлық біріншілігінің алғашқы турында жерлестеріміз Австралиядан 3:0 есебімен басым түсті. Бүгін Қазақстанның волейболшы қыздары Жапониямен кездеседі. Сосын Үндістан күтіп тұр.

Қазақстан премьер-лигасының 23-ші турынан кейін турнир кестесіне өзгеріс енді

«Ордабасы» сырт алаңда «Оқжетпес» қақпасына жауапсыз төрт доп соғып, маңызды үш ұпайына ие болды. «Ертіс» – «Тобыл» арасында есеп ашылған жоқ. «Қайрат» «Таразға» қонаққа барып, 2:0 нәтижесімен жеңіске жетті. «Жетісу» «Ақтөбенің» осал тұсын тапты. Есеп:5:0. «Шахтер» 3:0 есебімен «Қайсарды» жеңді. 23-ші турдан кейін 47 ұпай жинаған «Қайрат» топ бастады. Алматы командасынан бір ұпайы кем «Тобыл» екінші тұр. «Астана» үшінші орынға сырғыды. Төртінші орында «Ордабасы» келеді. «Жетісу» турнир кестесінің бесінші сатысына көтерілді. Сосын «Қайсар» мен «Шахтер» жайғасты. «Оқжетпес» пен «Тараз» төменгі қатарда қалып қойды. Ал, «Атырау», «Ертіс» және «Ақтөбе» бірінші лигаға түсіп қалмауды көбірек ойлайды.

 

Луценко арктикалық жарыста топ жарды

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко «Норвегия арктикалық жарысының» жалпы есебінде топ жарды. Жерлесіміз екінші орындағы француз Варран Баргийден бір секунд озып кетті. Төрт кезеңге созылатын Арктикалық сайыс Солтүстік Норвегияның тас жолдарында 2013-ші жылдан бері өтіп келеді. Бұған дейін аталған турда «Астана» велокомандасының спортшылары екі мәрте жеңіске жеткен болатын.

 

Бэйл «Реалда» қалады

«Реал» командасының бас бапкері Зинедин Зидан Гарет Бэйлдың ойынына риза екенін айтып, жартылай қорғаушының Мадридте қалатынын жеткізді. Корольдік клуб Испан премерасының алғашқы турында «Сельтаға» қонаққа барып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 12-ші минутында Бэйл Кәрім Бенземаға нәтижелі пас шығарып, командаласының гол соғуына үлес қосты. Уэльс құрамасының футболшысы негізгі құрамда 75 минут ойнады. «Реал» екінші турда «Вальядолидті» қабылдайды.

 

Зинедин Зидан «Реал» ФК бас бапкері

Матч алдында біз Бэйлмен сөйлестік. Ол команда сапында қалатын болды. Қазір ойыншылардың бәрі тек маусым туралы ойлайды. Гарет алғашқы турда барлық футболшылар секілді жақсы ойын үлгісін көрсетті. Енді Бэйл жаңа маусымды ойлап, келесі ойынға алаңсыз дайындалады.

 

Цинциннати турнирінде Медведев жеңіске жетті

Ресейлік теннисші Даниил Медведев АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы «мастерс» турнирінде топ жарды. Орыс спортшысы финалда Давид Гоффенді ұтты. Есеп: 7:6, 6:4. Медведев осы жеңістен кейін әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді. Ресейлік теннисші жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтен басым түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы