389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль өтеді

  • 271
  • UPD: 14:40, 19.08.2019
Ақтөбеде ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль өтеді

Оған еліміздің әр аймағынан 100-ден астам үміткер қатысып, өз бақтарын сынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысты қыркүйектің 18-і мен 25-і аралығында өткізу жоспарланған. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Фестиваль көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғыз құмалақ, қазақ күресі секілді тағы басқа спорттың он түрінен ұйымдастырылмақ. Мамандардың айтуынша, жыл өткен сайын қатысушылардың қатары өсіп келеді. Республикалық шара Ақтөбеде биыл алғаш рет өткізілгелі отыр.

Мейрамбек Махамбетов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Фестивальға республиканың барлық облысынан қатысады. Мыңнан астам спортшы, төрешілер, жаттықтырушылар келеді. Қазір тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мәдениет және спорт министрлігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Хабар 24 телеарнасы