385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» америкалық хоккейшіні қатарға қосты

  • 136
  • UPD: 16:34, 19.08.2019
«Барыс» америкалық хоккейшіні қатарға қосты prosports.kz

«Барыс» хоккей клубы ресми түрде америкалық шабуылшы Эрик Тангрэдиді қатарға қосқанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты hcbarys.kz порталына сілтеме жасап.

30 жастағы хоккейші қазақстандық клубпен 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшартқа отырды.

Эрик Тангрэди «Анахайм Дакс», «Питтсбург», «Виннипег», «Монреаль», «Детройт» және «Нью-Джерси» клубтарында өнер көрсеткен.

Тангрэди ҰХЛ-да 150 матчқа қатысып, 16 (5+11) ұпай жинаған. Ал АХЛ-да шабуылшы 467 матч өткізіп, 340 (160+180) ұпайды еншіледі.

Хабар 24 телеарнасы