386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гризманға неге 7-нөмірмен ойнауға болмайды

  • 308
  • UPD: 07:54, 20.08.2019
Гризманға неге 7-нөмірмен ойнауға болмайды Prosports.kz

«Барселона» ойыншысы Антуан Гризманн жаңа клубында өзіне үйреншікті 7-нөмірмен ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз форварды Испания Примерасының маусымын 17-нөмірмен бастаған, себебі ол кезде 7-ші нөмірде Филиппе Коутиньо бар еді. 17-нөмірмен Гризманн «Атлетикке» қарсы 1-тур матчында ойнады. Кейін Коутиньо «Баварияға» ауысып, 7-нөмір босап қалған.

Бірақ Испания футбол федерациясының ережесі бойынша, ойыншы чемпионат барысында нөмірін ауыстыра алмайды. Сондықтан Гризманн енді 7-нөмірін келесі маусымда ғана ала алады.

Франциялық футболшы өзінің клубтық карьерасында тек 7-нөмірмен ойнап келген болатын.

Хабар 24 телеарнасы