385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті

  • 189
Елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті

Бүгін елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ұлы дала жерін мекен еткен сан түрлі этнос өкілдері де қатысты. Олар «Хато», «Экият», «Ур», «Дрендел» сынды ұлттық ойындарын таныстырып қана қоймай, кең көлемде насихаттауға мүмкіндік алды. Шара аясында асық атудың қыр-сыры түсіндіріліп, шеберлік сабағы да ұйымдастырылды. Фестивальдің негізгі мақсаты – жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ойлау қабілеттерін дамыту әрі салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Этностардың ойындарын мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында дамытқан дұрыс. Себебі бұл ойындарды бізде мекендеп жатқан этностар өздері жақсы біледі. Біріншіден, олар үшін мақтаныш оларды қолдау болып табылады. Екіншіден, ұлттық ойындар жай ойындар емес, ойлау қабілетін дамытады, бір-бірін біріктіреді.

Хабар 24 телеарнасы