386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды

  • 289
  • UPD: 16:00, 20.08.2019
Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды sputniknews.kz

13-15 қыркүйек аралығында Италияның Бергамо қаласында «челленджер» сериясында өтетін Lombardia Trophy турниріне қатысатын спортшылар тізімі толық жарияланды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Аталған турнир Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ. Элизабеттің қарсыластары қатарында әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева, Софья Самодурова, Анна Щербаковалар бар.

Айта кетелік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол төрттік сальховты ресми турнирлерде алғаш рет орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Хабар 24 телеарнасы